Өңірлер

Алматыда мешітке арам оймен келген жігіт ұсталды

Полицейлер сұғанақты қылмыс үстінде қолға түсірген
Sputnik

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Алматының мешітінен құнды заттар ұрлаған ұрлықшы ұсталды.

Жамбыл облысында мешітке шабуыл жасалды
Полицейлер жедел іздестіру шарасын жүргізу барысында сұғанақты қылмыс үстінде қолға түсірген. Тәртіп сақшылары күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін дейді.

"Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің криминалды полиция басқармасының қызметкерлері Бостандық ауданында орналасқан мешіттің бірінен қалта ұрлығымен айналысқан Оңтүстік Қазақстан облысының 30 жасар азаматын құрықтаған болатын. Ол өз кінәсін толық мойындады. Бұрын-соңды бірнеше рет сотталған азамат екен. Біздің пайымдауымызша, ол бұрын да қылмыстар жасаған болуы мүмкін", – деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Соңғы айда қалада 70 қалта ұрысы ұсталғане, деп хабарлады Almaty.tv телеарнасы.