Әлем

Жас жұбайлар үйлену тойынан кейін үш минуттан соң ажырасып кетті   

Күйеу жігіт қалыңдықты күлкі қылып, "ақымақ екенсің ғой" деген
Sputnik

АСТАНА, 8 ақпан – Sputnik. Кувейтте жас жұбайлар некеге тұрғаннан кейін бірнеше минуттан соң ажырасқан. Бұл туралы The Sun басылымы хабарлады, деп жазды РИА Новости.

Үйлену тойынан кейін қалыңдық сүрініп құлайды. Күйеу жігіт қызды күлкі қылып, "ақымақ екенсің ғой" деген. Ақыр соңында қалыңдық жылап қалып, салтанатты рәсім өткен жерде-ақ күйеуімен ажырасуды талап еткен.

Тағы оқыңыз: Үйлену тойы күйеу жігітсіз өтті, не жағдай болғанын асаба айтып берді

Жастар үш минут бұрын ғана ресми түрде некеге тұрған екен. Осылайша қыз бен жігіт ел тарихындағы ең аз уақыт отбасын құрған жұп атанды.  

Тағы оқыңыз: Тойда билеген толық әйел жұртты күлкіге қарық қылды