Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 ақпан

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 39-шы күн. Жыл соңына дейін 326 күн қалды.
Sputnik

8 ақпанда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

         8 ақпанда қандай қызықты оқиғалар болды

Жыл сайын 8 ақпанда ресейлік ғылым қауымдастығы 1999 жылы президент жарлығымен бекітілген Ресейдің ғылым күнін атап өтеді. 1724 жылы 8 ақпанда Петр I патшаның өкіміне байланысты басқарушы Сенат жарлық қабылдап, Ресейде Ғылым академиясы құрылған болатын. 1925 жылы КСРО ғылым академиясы болып өзгертілді, ал 1991 жылы – Ресей ғылым академиясы. Бұл күнгі іс-шараларға профессорлар, академиктер, зерттеушілер, оқытушылар, аспиранттар, ғылым кандидаты мен докторлары, білім және ғылым министрлігінің шенеуніктері қатысады. Мерекенің мақсаты – қоғам назарын ғылыми прогреске аудару.

Словенияда 8 ақпанда Словен мәдениетінің күні – Прешерн күні тойланады. Бұл мереке атақты словен ақыны Франце Прешернге арналған. Мейрам күні ретінде оның өмірден өткен күні белгіленген. Франце Прешерн словен әдеби тілінің негізін қалаушы, оның ел мәдениетіне қосқан үлесін словен халқы жоғары бағалайды. Әйгілі ақынның тағдыры аянышты болды. Прешерн 1800 жылы фермер отбасында дүниеге келіп, Венада құқық бойынша білім алған, кейін Лайбах (Любляна) қаласында шенеунік болуды мақсат етіпті. Өзінің алғашқы өлең жолдарын Прешерн 1824 жылы жаза бастады, ал 1827 жылы бірінші басылымдары жарық көрді. 1830 жылдары жақын адамдарының қазасы мен жауапсыз махаббат салдарынан ақын ішкілікке салынып кетеді. Соған қарамастан теңдесі жоқ өлеңдер жазып, оның туындыларын бүкіл жұрт таласа-тармаса оқыды. Бірегей ақын мен оның ел мәдениетіне қосқан зор үлесінің құрметіне 1944 жылы Словенияда Прешерннің өмірден өткен күні Словен мәдениетінің күні болып жарияланды. Бүгін словендер демалады.

Сонымен бірге, бүгін – Тиын лақтыру күні. Осы әдіспен маңызды бір шешім қабылдаған кезіңіз болды ма? Егер бұрын байқап көрмеген болсаңыз, бүгін сәті түсіп тұр. Жай қызық үшін немесе жауапкершілікті арқаңыздан ысырудың жолы деп ойламаңыз. Өйткені бүгін осылайша қабылдаған бүкіл шешіміңіз дұрыс болып шығады, нәтижесін тап сол сәтте көрмесеңіз де, алдағы уақытта міндетті түрде көзіңіз жетеді.

         8 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1885 жылы Бернард Шоудың алғашқы әңгімесі жарық көрді;

1916 жылы Цюрихте ақындар тобы дадаизм қозғалысын бастады;

1923 жылы Альберт Эйнштейн Тель-Авивтің бірінші құрметті азаматы атанды;

1931 жылы Үндістанның жаңа астанасы – Нью-Дели қаласының ашылу салтанаты өтті.

         8 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

2005 жылы алғашқы Халықаралық арбитраж соты ашылды;

2006 жылы "Құрметті машина жасаушы" белгісі бекітілді;

2012 жылы Астанада доктор Бубновскийдің "Кинезис" атты екінші оңалту орталығы ашылды.

         8 ақпанда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1828 жылы француз ақыны, ғылыми фантастика жанрының негізін қалаушы Жюль Верн дүниеге келді ("Жер шарын 80 күнде айналу");

1834 жылы химиялық элементтердің периодтық жүйесін құрастырған атақты орыс химигі Дмитрий Менделеев дүниеге келді;

1949 жылы кеңестік театр және кино актрисасы, Ресейдің халық әртісі Ирина Муравьева дүниеге келді ("Москва слезам не верит", "Карнавал" фильмдері);

1977 жылы мұз айдынындағы би конкурсына Татьяна Навкамен жұп болып қатысқан ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Роман Костомаров дүниеге келді. Олимпиада чемпионы (2006), екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы, үш дүркін Гран-при финалының жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы (1996), үш дүркін Ресей чемпионы. Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері.

         8 ақпанда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1926 жылы жазушы, сыншы әрі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Разия Рүстембекова дүниеге келді;

1938 жылы ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, ҚР ұлттық ғылым академиясының, ауыл шаруашылығы академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Көпмахамбет Елемесов дүниеге келді;

1955 жылы қазақстандық тілші, "Казахстанская правда" респувбликалық газетінің бас редакторы Татьяна Костина дүниеге келді.

         Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Бұл күні қолыңыздағы билікті сезініп, бойыңызда күш-қуатыңыз артады. Қайратыңызды дұрыс бағыттау үшін қолыңыздан жақсы келетін шаруаға бет бұрыңыз, сонда табысқа кенелесіз. Сонымен қатар, жан-жануарға көмектесуге сәтті күн.