АСТАНА, 6 ақпан— Sputnik. Қызылорда – Астана бағытындағы пойыз қатты аязға байланысты тоқтатылды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Тасымалдаушы компания барлық жолаушы қалаға келген соң билетін қайтарып, 100% құнын өндіріп алатынын хабарлады. Қызылордаға сапарын жалғастырғысы келетіндер Астана - Сарыағаш бағытындағы №86 пойызға отыра алады. Тоқтатылған пойыздың жолаушылары үшін бұл құрамаға алты купе вагон қосылды.
Қарағанды стансасында қайтарылған билеттерді қабылдауға қосымша кассирлер жұмысқа шығады. Олар Астана - Сарыағаш немесе өзге пойыздармен сапарын жалғастыруға келіскен жолаушыларға билетті қайта рәсімдей алады.
Сондай-ақ ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі құрамадағы жолаушылар үшін тегін тамақ беріліп, бар жағдай жасалатынын атап өтті.