Видео

Димаш Құдайбергеннің тыңдармандары Астанада қайда бас қосады – видео

"Димаш Достар" фан-клубының мүшелері Астананың сол жағалауындағы "Шафран" атты Димаш Құдайбергеннің фан-дәмханасында ай сайын кездесіп отырады
Sputnik

Жас дарынды әнші Димаштың тыңдармандары жүздері бал-бұл жанып, төс қағыстырып, фан-дәмханадағы мол дастархан басына айына бір рет жиналады екен. Қабырғаларда сүйікті әртістің суреттері ілінген, әншінің орындауындағы әндер бір сәт үзілмейді.

Димаштың америкалық шоуда айтқан әнінің эксклюзив видеосы жарияланды

Димаштың Мәскеуде өтетін жеке ән кеші алдында табынушылары әртіске қандай сыйлық апаратынын, концерт алдында Dears кездесуін қалай өткізетінін, қандай да бір дресс-код болатын-болмайтынын ақылдасты.

"Мен фан-топ құрылғалы бері құрамындамын. Димаштың Мәскеудегі концертін талқылау үшін арнайы келдім. Жеке ән кеші алдындағы фанаттардың кездесуінде қазақ дастарханына мен жауап беремін. Димаш біздің елімізді үлкен махаббат және зор мақтанышпен бүкіл әлемге танытып жүр", - дейді Талдықорғаннан келген Лилия Смайылова.

Фан-қауымдастықта әртүрлі жастағы адамдар жиналған. Мәселен, Майра Мәкібайдың жасы 65-те, Димаштың шығармашылығына 2009 жылдан бері куә болып келеді, сол кезде 15 жастағы әнші вокалдық конкурстардың лауреаты атанған болатын.

"Өзі әдемі әрі талантты. Бұл әлемдегі дара тұлға дер едім, Жер адамы, Ғалам мен Ғарыш адамы", - дейді Майра Мәкібай тебіреніп.

Фанаттар кездесуі қалай өтетінін Sputnik Қазақстан ұсынған роликтен тамашалаңыз.