АСТАНА, 5 ақпан — Sputnik. Ұлыбританияның Салфорд университеті ғалымдарды анықтағандай, онкологиялық аурулар рактың дің жасушаларынан басталады, емдеу кезінде соларды нысанаға алу керек, деп хабарлады TheConversation басылымы.
Ғалымдардың айтуынша, қазір рактың қай түрі болмасын бұрынғы әдістер бойынша емделеді: алып тастау, күйдіру және улау. Бұл әдістер негізінен ірі қатерлі ісіктерге қарсы бағытталған. Алайда, шын мәнісінде ауруды қоздырушы рак жасушаларына қарсы дәрі-дәрмек шығару керек.
Сүт безі қатерлі ісігінің рак жасушаларына жасалған тәжірибе көрсеткендей, құрамында 0,2% ғана рак жасушасы бар дің жасушаларының сипаттамасы мүлдем басқадай. Олар көп мөлшерде энергия өндіріп, тез көбейеді.
Ғалымдар атап өткендей, дертке шалдыққан жасушалар тіршілігін жалғастыру үшін "күресіп", белсенді түрде көбейе бастайды. Және дені сау ұлпаларға сүйеніп қана қоймай, қан арқылы бүкіл ағзаға тарап, метастаз пайда болады.
Бұл жасушалар жарықты шағылыстырады, сол себепті оларды тез тауып, дәрі-дәрмектің көмегімен, көбеюін тоқтату керек.
Осы әдістің арқасында қатерлі ісік диабет сияқты емдеуге болатын созылмалы ауруға айналады. Қазір ғалымдар рак жасушаларына қарсы дәрі ойлап табумен айналысып жатыр.