Ипотека беру үшін банк қызметкерлері клиенттерден белгілі бір құжаттарды сұрайды. Әр қаржы ұйымында талап әртүрлі. Sputnik Қазақстан ипотека алу үшін қажетті құжаттардың тізімін құрастырды.
"7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы туралы толық мәлімет
Ипотекалық несие алу үшін қажетті құжаттар:
- клиент пен жылжымайтын мүлік иесінің төлқұжаты (жеке куәлік/паспорт),
- клиенттің тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы),
- клиент пен жылжымайтын мүлік иесінің отбасылық жағдайын растайтын құжаттар,
- клиенттің соңғы алты айдағы кірісін растайтын құжаттар (соңғы жұмыс орнынан кіріс туралы анықтама),
- кепілге берілетін жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттар,
- тәуелсіз бағалаушының жылжымайтын мүлікке берген бағасы туралы есеп,
- өтініш беруші мен қосалқы қарыз алушының (-лардың) немесе кепілгердің басқа банктер мен ұйымдарда борышы болған жағдайда банктен қарыз алу туралы шарттың түпнұсқасы мен көшірмесі және қарызды өтеу кестесі,
- жеке зейнетақы шотынан соңғы алты ай ішіндегі үзінді көшірменің (выписка) түпнұсқасы.
Ипотекалық несиені қалай алуға болады
Клиент сатып алғысы келетін баспананы тауып, банкке өтініш беруі тиіс.
Банк қарыз алушыны тексереді. Клиент қарызды төлей алатын болса, қаржы ұйымы несие беруге келіседі.
Клиент сатып алу-сату шартын жасасып, бастапқы жарнаны төлейді.
Банк несие беріп, оны сатып алушыға аударады.
Ипотеканы төлеу әдістері
- Банктің мобильді қосымшасы арқылы.
- Банктың терминалы арқылы.
- Банк бөліміндегі касса арқылы.
Қазақстанда кімдердің ипотекалық қарызы кешіріледі
Қарыз алушы нені есте сақтауы тиіс!
Несие алушы ипотеканы дер кезінде төлеп отыруға міндетті. Ипотеканы уақытылы төлемеген жағдайда несие беруші банктер шартқа сәйкес айыппұл салуы, өсімақы талап етуі, несие беру шарты бойынша пайыздық мөлшерлемені көтеруі, несиенің бүкіл сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуі немесе шартты бұзып, арбитраж сотына шағымдануы мүмкін.