5 ақпанда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
5 ақпанда әлемде қандай қызықты оқиға болды:
Бүгін Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан дипломатиялық курьерлерді еске алу күні аталып өтеді. Бұл күні Ресей Сыртқы істер министрлігі Отанға ақтық демі қалғанша қызмет еткен адамдарды құрметпен еске алады. Қазіргі дипломатиялық курьерлердің қызмет ету тарихы 1918 жылдың 27 тамызынан бастау алады. Сыртқы істер жөніндегі Халық комиссариаты тұсында шетелде Кеңес Одағы өкілдіктерімен құпия және ең бастысы нақты байланыс орнататын жаңа бөлімше құрылды.
Әуел баста онда 11 адам ғана жұмыс істеді. Егер тарихқа оралсақ, XVII ғасырға дейін Ресейде билеушіден адресатқа дейін қажетті құжаттарді елшілер жеткізді. Олар "ұлы елшілер" (қазіргі түсінікте елшілер), "жеңіл елшілер" (уәкілдер) және "елшілер" (дипломатиялық курьерлер) деп бөлінді. Содан кейін пошта құрылды. Дипломатиялық курьерлердің қызметі ерекше жағдайларда пайдаланылды. 5 ақпанда кеңес дипломатиялық курьері Теодор Неттоның өлтірілуіне байланысты Еске алу күні белгіленді. 1926 жылдың 5 ақпанында оған және оның серіктесіне шабуыл жасалды. Неттоны өлтірді, ал ауыр жараланған екінші курьер маңызды құжатты қорғап қалды. Қаза тапқан 23 дипломаттың есімі тарихқа енді. Өлімге негізінен түрлі апаттар себеп болды.
АҚШ-та бүгін Ұлттық метеоролог күні (National Weatherperson's Day немесе National Weatherman's Day) күні аталып өтеді.Бұл мерекені кәсіби метеорологтар ғана емес, ауа-райын бақылап жүретін адамдар да тойлайды, бұл олардың хоббиі немесе ерікті қызметтің түрі. Мереке датасы ретінде Джон Джеффристің туған күні таңдап алынды. Бұл Бостон дәрігері, ғалым және әскери хирург 1744 жылы 5 ақпанда дүниеге келген. Ол – Америкадағы алғашқы ауа райын бақылаушылардың бірі. Мәселен, 1774 жылдан 1816 жылға дейін ол Бостондағы ауа райы жағдайын тұрақты түрде жазып отырды.
Бүгін сондай-ақ Эрудит күні. Эрудит – көптеген салада кең ауқымды таным-түйсікке ие білімді адам. Эрудит – білімнің көзі, бірақ идеялар қайнары емес, деді Джеймс Норткот. Ол көп оқиды, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысып, ой-өрісін үнемі кеңейтіп отырады, ол әлемді танып біледі, бұл жан-жақты дамыған адам. Азаматтардың осы санатына мереке арналған және жыл сайын бейресми түрде аталып өтеді. Мерекенің мақсаты – қоғамның зияткерлік және адамгершілік деңгейін көтеру. Бұл күні зияткерлік ойындар ұйымдастырылады.
5 ақпанда әлемде болған тарихи оқиғалар:
1861 жылы Филадельфияда (АҚШ) Коулмен Селлерс кинематоскопты патенттеді;
1924 жылы Әуе күштері радиосы Гринвич обсерваториясынан дәл уақыт сигналдарын жібере бастады;
1936 жылы АҚШ-та Чарли Чаплиннің "Жаңа уақыт" атты жаңа фильмі экранға шықты;
1952 жылы Нью-Йорк үш түсті бағдаршамдарды қолдана бастаған әлемдегі тұңғыш қала атанды.
5 ақпанда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1945 жыл Алматыда алғашқы қазақ консерваториясы ашылды;
1996 жылы Қазақстан телекоммуникациялық консорциумі (КАТЕЛКО) құрылды;
2011 жылы Павлодар қаласында iD Center қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әлеуметтік-танымдық орталығы ашылды;
2001 жылы Алматыда "Сөзтаным" журналы жарық көрді.
5 ақпанда дүниеге келген танымал тұлғалар:
1836 жылы 1850 және 1860 жылдардағы орыстың әдебиет сыншысы, публицист және революциялық демократ Николай Добролюбов дүниеге келді. Ең танымал бүркеншік аттары – Бов және Н Лайбов, ол толық аты-жөнін жазбаған;
1924 жылы кеңес жауынгері, Кеңес Одағының батыры Александр Матросов дүниеге келді;
1985 жылы португал футболшысы Криштиану Роналду дүниеге келді;
1992 жылы бразилиялық футболшы Неймар дүниеге келді.
5 ақпанда Қазақстанда кім дүниеге келді:
1930 жылы қазақ экономисі, экономика ғылымдарының докторы Сүният Елбосынов дүниеге келді;
1940 жылы жазушы Бақтығұл Ойшыбаев дүниеге келді;
1945 жылы Жалпы генетика және цитология институтының генетика және орман өсіру зертханасының меңгерушісі Ермек Жұмабеков дүниеге келді;
1954 жылы әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова дүниеге келді;
1969 жылы жазушы, мәдениеттанушы және журналист Дидар Амантай дүниеге келді
Ай күнтізбесі
Жаңа Ай Суқұйғыш белгісінде орналасады. Өміріңіздегі көп нәрсені өзгертетін маңызды шешім қабылдауыңыз мүмкін. Жұлдыз жорамалға қарағанда, өткен айға көз тастап, қалыптасқан жағдайды талдайтын уақыт келді. Оқуға, саяхаттап, іссапарларға шығуға қолайлы күн.