Қоғам

Димаш пен Данэлия қатысатын америкалық шоуды қайдан онлайн көруге болады?

Қазақстандықтар өнер көрсететін бөлім АҚШ уақытымен сәрсенбіде (Астана уақытымен бейсенбі күні) эфирге шығады
Sputnik

АСТАНА, 4 ақпан — Sputnik. АҚШ-тың CBS арнасында The World's Best ("Әлемнің үздігі") атты дарындылар шоуы басталды.

Конкурста Қазақстанның намысын екі қатысушы қорғайды – әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова.

Жарияланған хабарламаға сәйкес, қазақстандықтар өнер көрсететін бөлім АҚШ уақытымен сәрсенбіде (Астана уақытымен бейсенбі күні) эфирге шығады.

Уақыты:

  • Сәрсенбі, 20.00-22.00 (Нью-Йорк)
  • Бейсенбі, 06.00 – 09.00 (Астана)

Америкалық шоуды онлайн қайдан көруге болады?

Димаштың фанаттары жариялаған мәліметке сүйенсек, шоуды онлайн тамашалауға болады. Эфирді келесі сілтемелер арқылы көре аласыздар.

  • http://ustv247.com/cbs-live-stream-free/
  • http://ustvgo.net/cbs-live-streaming-free/
  • https://www.arconaitv.us/stream.php?id=25
  • https://freelocaltv.blogspot.com/p/channel-2.html
  • http://kmediatv.com/cbs-hd/ HD
  • https://www.ibrod.tv/embed.php?id=5&width=640
  • http://123tvgo.com/watch/cbs/

Қазақстан атынан сарапшы ретінде қатысатын актриса әрі продюсер Гауһар Нұртас Instagram және YouTube желісінде жобаның трансляциясын жүргізеді.

  • https://www.instagram.com/gia_noortas/
  • https://www.youtube.com/watch?v=BpgHtFlKTs0

The World's Best – шоу туралы не білеміз

The World's Best жаңа дарындылар шоуының сахнасында бүкіл әлемнің ең талантты өнер иелері жиналады. Қатысушылар – әншілер, бишілер, сиқыршылар, цирк әртістері.

Димаш Құдайберген америкалық шоу басталардан бір ай бұрын байқаудың үздігі атанды

Әділ қазылар – актриса Дрю Бэрримор, тележүргізуші Ру Пол Андре Чарльз және әнші Фейт Хилл. Әртістер жюри өкілдерін ғана емес, әр саладан шақырылған 50 сарапшыны да таңғалдыруы тиіс. Қазақстан атынан қазылар алқасында актриса және продюсер Гауһар Нұртас болады.

Тұсаукесер бөлімінің үзіндісі Желіде жарияланған.