АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. Децл деген лақап атпен танымал ресейлік рэп және хип-хоп орындаушы Кирилл Толмацкийдің қазасы туралы әкесі, бизнесмен Александр Толмацкий хабарлады.
"Кирилл енді жоқ", - деп жазды Александр Толмацкий Facebook парақшасында.
"Кириллдің бүгін түнде жүрегі тоқтап қалды", — деп жазды Юлия Instagram парақшасында фанаттардың сұрағына жауап беріп.
Рэпер Ижевск қаласындағы концерттен кейін өзін нашар сезінген екен. Ол 3 ақпанға қараған түні көз жұмды. Ерлі-зайыптының 13 жасар ұлы қалды.
"Достар, өкінішке орай, бүгін түнде қайғылы жайт болды: Кирилл өмірден озды", - деп жазды әртістің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасының администраторлары.
Кирилл Толмацкий Децл және Le Truk деген лақап аттармен өнер көрсеткен.
Музыкант 1983 жылы 22 шілдеде Мәскеу қаласында дүниеге келді. Швейцарияда оқып, Мәскеудегі British International School білім ордасын бітірген.
17 жасында Ресей мен ТМД елдеріндегі ең танымал рэп орындаушы атанған ол 2000 жылы "Кто ты?" альбомын шығарып, сол үшін "Жыл жаңалығы" номинациясында "Record 2000" сыйлығын иеленді.
Әндері MTV арнасында жиі орынадалатын. Рэпер барлығы 8 альбом шығарды. Соңғысы "Неважно, кто там у руля" 2018 жылы қараша айында жарық көрді.