Оқиға

Алматыда белгісіз жүргізушінің кесірінен сұмдық жол апаты болды: 7 адам зардап шеккен

Жүргізушілердің біреуін алып шығу үшін көлікті кесуге тура келген
Sputnik

АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. Алматыда Audi Q7 және Toyota Camry көліктері соқтығысты.

Жол апаты Төле би және Байтұрсынов көшелерінің қиылысында болған. Көліктердің бірі, Audi, аударылып, екіншісі тротуарға шығып кетті. Жеті адам зардап шеккен, үшеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 7 көліктің быт-шыты шыққан

Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Audi көлігінің алдына басқа бір белгісіз көлік атып шығып, солға бұрылған екен. Жүргізуші соққының алдын аламын деп қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол жерде Toyota Camry көлігін қағыпты.

Соққының қатты болғаны сонша - Audi аударылып, быт-шыты шыққан Toyota тротуарда жатты. Құтқарушылар көлікті кесіп, жүргізушіні алып шықты.

Батыс Қазақстанда жеті жүк көлігі соқтығысып қалды - видео