Қоғам

Кредит тарихы нашар қазақстандықтар жұмысқа қабылданбауы мүмкін

Алайда жұмыс берушілер кредиттік тарихты сіздің келісіміңсіз тексере алмайды
Sputnik

АСТАНА, 2 ақпан – Sputnik. Енді жұмыс берушілер адамның несие тарихын тексеріп, кредиттік тарихы кірленгендерді жұмысқа алмауы мүмкін. Дәл қазір мұндай тәжірибені ритейл нарығы, яғни ірі гипермаркеттер пайдалана бастапты. Ал мұндай тексеру, бірінші кезекте, материалдық жауапкершілік қарастырылған қызметкерге тікелей қатысты, деп хабарлайды 31 арна.

"Кім көрінгенге бердік!" Назарбаев Ақышевқа неге ашуланды?
Қазақстандықтардың қарызға батқаны соншалық, енді оларды жұмысқа қабылдарда жұмыс берушілер несиелік тарихын тексеріп алған соң ғана, еңбек келісімшартын жасай алады. Ал елімізде несие алған халықтың 14 проценті оны қайтара алмай жүр. Қайтарымсыз кеткен кредиттердің үлесі 20 процент шамасында. Алайда жұмыс берушілер кредиттік тарихты сіздің келісіміңсіз тексере алмайды.

"Несиелік тарихқа неге мұқият болу керек? Себебі қазір тек қана кредиттік мекемелер емес, қаржылық институттар да жұмысқа аларда несие тарихын тексереді. Яғни, жұмыс іздеушінің тарихында қандай да бір мәселелер болса, кредитті төлеуді кешіктіріп немесе мүлде төлей алмаса, онда оның қызметке қабылданбауы әбден мүмкін", - дейді "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС атқарушы директоры Әсем Нұрғалиева.

Көлік алуға кредит беретін "7-20-25" секілді бағдарлама әзірленеді
Ал өтелмеген несие басқа банктегі картаның бұғатталуына әкеледі. Сондай-ақ айыппұлдар, коммуналдық қызметтер төленбеген жағдайда да, банк картаңыз бұғатталуы мүмкін.

"Көлік салығы, жылжымайтын мүлік салығы, сондай-ақ, жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеп, оның салығын төлемесе, банктің картасы, жалпы карталық шот ашылмайды", - деді екінші деңгейлі банк өкілі Досбол Арыстанбеков.

Алайда әлеуметтік шот,  яғни жәрдемақы мен мүгедектерге арналған шоттарға қатысты банк өз қызметін тоқтапайды.

Сондай-ақ, ендігіде салық төлемегендерге банк тарапы ағымдағы шотты ашпайды. Яғни, мемлекет алдында борышы барлар депозит пен кредиттік есепшоттарды да аша алмайды, дейді банк өкілдері.