Әлем

Әйелінің сөзіне құлақ аспаған ер адам үлкен олжаға кенелді

Ер адам лотерея ойнағанды жақсы көреді, сол үшін әйелінен жиі ұрыс еститін
Sputnik

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. АҚШ-тың Канзас-сити қаласының тұрғынына әйелі лотерея билеттерін сатып алуға көп шығындандың ұрысып жатқанда, ер адамның ірі ұтысқа кенелгені белгілі болды. Бұл туралы Associated Press жазады.

Жолда дөңгелегі жарылып қалған ерлі-зайыпты күтпеген олжаға кенелді

Луи Кронавиттер (Louis Kronawitter) лотереяда жеңімпаз атанғанын естіп, қатты таңғалыпты. Ақшаны желге шашып жүрсің деп ылғи сөйлейтін әйелі де таң тамаша болған екен. Ұтыс көлемі 22 мың доллар (8 миллион 360 мың теңге – Sputnik Қазақстан).

Сыйақыны алар кезде Кронавиттер күндердің күнінде ұтысқа кенелетінін әрқашан сезгенін мойындады. Ол әрі қарай лотерея ойнауды жалғастыра бермек, тағы да табысты болудан үмітін үзбейді.

Ер адам ақшаның жартысын жергілікті шіркеуге беріп, қалғанын өз отбасына жұмсағалы отыр.