Өңірлер

Шымкенттегі даулы видеоның кейіпкерін сот ақтап шықты  

Шымкентте полиция көлігімен соқтығысқан мотоциклшіге тағылған айып алынды
Sputnik

АСТАНА, 1 ақпан — Sputnik. Шымкентте жол көлік апатына түскен тәртіп сақшысы сотта жеңіліп қалды. Мотоцикл жүргізушісін жол апатына кінәлі деп, жала жапқан полицейдің уәжі дәлелін таппады. Керісінше өз былығы ашылып қалды.  

Пагон таққан инспектордың аузына келгенін айтқан видеосы көпшілікке жария болып, масқарасы шыққан еді.

"Темекі емес" Полиция жұрттың наразылығын тудырған видеоға қатысты түсініктеме берді
Бәйдібек би даңғылында мотоциклді байқаған тәртіп сақшылары соғып тоқтатуға бел буады. Одан қалса, жарақат алған жолаушыға көліктен түскен бойда көмек көрсетпеген. Есесіне, дауыс көтеріп, бағынбадыңдар деп жала жапқысы келген, деп хабарлады otyrar.kz.

Осыдан кейін оқиға орнына өзіндік қауіпсіздік басқармасының кезекшісі шақырылады. Жарақат алған жолаушыны дәрігерлер ауруханаға әкеткен.

"Бізді соққаннан кейін оң жаққа қарай құлап түстім. Осыдан кейін оң қолым, жамбас сүйектерім ұзақ уақыт қалпына келді. Бірақ еш жерім сынбағанына шүкір деймін", - дейді Юлия.

Жол апатына қатысты іс мамандандырылған әкімшілік соттың қарауына түскен. Істің анық-қанығын судья Бекназаров анықтады. Жүргізуші Р. Галлямовқа іс қатысты қозғалған. Сотта жүргізушіден оқиғаның мән-жайы сұралды.

"Мен тағылған айыппен келіспеймін. Өйткені жол жиегінде достарымды күтіп тұрған едім. Енді ғана жүрейін дегенде арнайы автокөлікпен қысып жіберді. Соққыдан қашуға әрекеттенгенде олар мені керісінше көлікпен соғып жықты. Бір емес, екі рет соққы жасады", - дейді мотоцикл жүргізушісі Рафаэль Галлямов.

Іске төрағалық етуші судья ҚР ӘҚБҚ 741 бабына сәйкес жүргізушінің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық болмауына байланысты істі тоқтатты.

Полицей 27 жастағы қызды таксиден түсіріп, қызметтік көлігінде зорлап тастады
"Соттың анықтағанындай, бұл жол апатына Р.Галлямов деген азаматтың еш кінәсі жоқ. Керісінше тәртіп сақшыларының өздері осы жол апатын жасауға ықпал еткен. Іс жүргiзудi бастауға нақты дәлел болмағандықтан iс тоқтатылады", - деді Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Әбдіғаппар Бекназаров.

Сондай-ақ, тәртіп сақшыларының қызметте жүргенде жіберген кемшліктері үшін оларға жеке қаулы шығарылды. Демек инспекторларға тисті шара көру үшін жауапты органға соттың шешімі жолданған.