Өңірлер

Қостанайда оқушы қыздың әкесі мұғалімнің жағын сындырды

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі байқамай оқушы қызға намысына тиетін сөз айтқан
Sputnik

АСТАНА, 31 қаңтар — Sputnik. Қостанайда 22 қаңтар күні Горький атындағы гимназияда оқушының әкесі дене шынықтыру сабағының ұстазын соққыға жыққан, деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары". 

Астанада науқас медбикені соққыға жығып, қабырғасы мен жағын сындырды
Гимназия директоры Ирина Шушпанованың айтуынша, сол күні оқушы қыздардың бірінің әкесі мектепте болған, сынып жетекшісімен қызының үлгерімі жайлы сөйлескен. 

"Дене шынықтыру пәні ұстазының айтуы бойынша, ол сабақ үстінде оқушы қызға бірнеше рет ескерту жасаған. Сол кезде мұғалім байқаусызда артық сөз айтып қояды. Бұл балағат сөз емес, бірақ намысқа тиетіні рас. Оқушы қыз бұл туралы мектепте жүрген әкесіне айтып береді. Дәл осы сәтте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі оқушыларды сыныпқа ертіп келіп, спорт залына бара жатады. Оны екінші сынып оқушысының әкесі тоқтатып, ұра бастайды. Жағын сындырған екен. Жағдай дәлізде болды. Бір оқушы қыздан басқа ешкім көрмеді", — деді Шушпанова. 

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімін жедел жәрдем ауруханаға алып кетеді. Болған оқиғадан кейін мектеп директоры қыздың әкесімен сөйлескен.

"Ол өзінікін қате деп ойламайды. Керісінше ер адамдар мәселені осылай шешуі керек деген пікірде. Мектеп қабырғасында бұлай жасауға болмайтынымен келісіп отыр. Бірақ бәрібір сыртта жүргенде мұғалімді ұстап алып, дәл осылай жасайтынын мойындады. Әкесі маған кіруі тиіс болды, ал ұстаз педагог этикасын бұзғаны үшін жазаланар еді. Ол жұмыстан қуылуы мүмкін еді. Әрине, мұғалім басқаларға үлгі болуы тиіс деген пікірдемін. Бірақ оны ұруға болмайды", — деді мектеп директоры.

Тағы оқыңыз: 

Соққыға жығылған мұғалім құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінді. Қыздың әкесі де осылай жасауы мүмкін. Әзірге оқиғаның қалай аяқталатыны белгісіз. Бірақ мектеп тергеу жұмыстарының әділ жүруі үшін барын салуға дайын. Оның үстіне екі ер адамның төбелескені мектептің бейнебақылау камерасына түсіп қалған.