Мәдениет

Қазақстандық жұлдыздардың көлігіндегі VIP нөмірлердің бағасы қанша тұрады

Жас әнші Әбдіжаппар Әлқожа мұндай нөмірді халықтың көзіне бірден түсу үшін таңдайтынын айтады
Sputnik

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Әнші Заттыбек Көпбосынұлы өзінің Lexus маркалы темір тұлпарына 001 ZAT әріптерін жаздырса, Айқын Төлепберген де әріптесінен қалмай 001 санына өзінің есімін байланыстырған. Дәл осындай санды жұлдыз Ернар Айдар да қош көретін сыңайлы.

Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қазақстандық жұлдыздар
Жас әнші Әбдіжаппар Әлқожаның айтуынша, ерекше нөмір арқылы елдің көзіне бірден түсуге болады.

"Меніңше, көлігіңде 264 деген нөмірдің тұрғаны біртүрлі сияқты. Өзіңе де сырттай қарағанда жараспай тұрғаны байқалады. Сол себепті мен нөмірді көлігімнің көлеміне байланысты таңдадым. Оның бағасы 75 мың теңге тұрады", дейді жас әнші 31 арнаның "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасында.

Ал Абай Бегей бұл секілді жоғары сұранысқа ие нөмірлерге аса қызықпайтын болып шықты. Бірақ жуырда жаңа көлік сатып алған әншіге досы есіміне ұқсайтын әріптері бар нөмірді сыйға тартқан. Осылайша сыйлықтан бас тарта алмаған Абай Бегей қала ішінде мұндай нөмірмен қуана жүретінін айтады.

"Қазақта жеті деген киелі сан. Яғни нөмірді қабыл алуыма осы нәрсе себеп болды", дейді Абай Бегей.

Тағы оқыңыз:

Әнші Өмірқұл Айниязовтың автокөлігінің нөмірі паспорттағыдай.

"Аузымыз аңқиып күтетінбіз" Әншілер бала кезде Аяз атадан қандай сыйлық сұрағанын айтты
"Шынымды айтсам, қызығып, менің аты-жөніме ұқсасын деген ой болған жоқ", дейді әнші.

Әншілер құмартатын VIP нөмірлердің бағасы халыққа қызмет көрсету орталығында шарықтап тұр. Бөлім басшысының орынбасары Бағлан Тілеубалдиевтің айтуынша, сұранысқа ие нөмірлерді алушылардың саны күн санап көбеймесе, азаятын емес.

"100-ден бастап 900-ге дейінгі нөмірлердің бағасы 345 925 теңге болады. Ал 009-ға дейінгі және 777 нөмірлері жанына үш бідей әріп қосып алатын болсаңыз, бағасы 719 625 теңгеге дейін барады", дейді Бағлан Тілеубалдиев.

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың 777 GUL нөмірі шамамен 700 мың теңгеге бағаланады екен.