Спорт

Қазақстандық боксшы бойы екі метр қарсыласын бірінші раундта сұлатып түсірді

Осылайша Жан Кособуцкий кәсіби карьерасындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді
Sputnik

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Беларусь елінің Минск қаласындағы Astoria Riverside кешенінде қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің қатысуымен жекпе-жек өтті, деп хабарлайды .

Садриддин Ахмедов ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды
30 жастағы супер салмақтағы қазақстандықтың қарсыласы Босния мен Герцеговинияның боксшысы Срджан Говедарица болды. Оның бойының ұзындығы екі метрге жетеді.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Жан Кособуцкий қарсыласын бірінші раундта сұлатып түсірді. Осылайша Жан кәсіби карьерасында тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді және оның сегізі — нокаутпен. Ал Говедарица кәсіби карьерасында жетінші рет жеңілді.

Кособуцкий 29 қараша күні кезекті жекпе-жегін Минск қаласында өткізген болатын. Екінші раундта ол жергілікті боксшы Александр Нехайчикті техникалық нокаутпен жеңді.