Әлем

Ұлының өміріне араша түскен ер адам қолтырауынды тістелеп тастады

Әкесінің батыл әрекетінің арқасында бала өлім ауызынан қалды
Sputnik

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Филиппин аралдарындағы Балабак қаласында ер адам қолтырауынның шабуылына ұшыраған 12 жасар ұлын құтқарып алды.

Мектеп мұғалімі алты жасар қызды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды

Жасөспірім інісімен бірге өзенде шомылып жүргенде, алып жыртқыш бас салған. Қолтырауын ер баланың сол қолынан тістеп, өзеннің түбіне қарай тарта жөнеледі. Оқиғаның куәгері болған інісі көмек шақыру үшін үйіне қарай жүгіріпті, деп жазады Manila Bulletin басылымы.

Оқиға орнына балалардың әкесі жетеді. Отағасы ұлын жыртқыштың азуынан босату үшін әуелі қолтырауынды жұдырықпен тоқпақтайды, бірақ еш нәтиже болмаған. Сол кезде ер адам қолтырауынның қолындағы жұмсақ жерлерін тістелей бастапты, көп ұзамай жыртқыш баланы қоя беріп, жүзіп кетеді.

Сөйтіп, әкесінің батыл әрекетінің арқасында бала өлім ауызынан қалды. Жасөспірімді бірден ауруханаға жеткізіп, медициналық жәрдем көрсеткен.