Саясат

Бөгет бұзылып, 58 адам көз жұмды: Назарбаев көңіл айтты

25 қаңтар күні таңертең Бразилияда бөгет бұзылып, ондаған адам қаза болды
Sputnik

АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия президенті Жаир Мессиас Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Назарбаев тұрғын үйдегі трагедияға байланысты Путинге көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Минас-Жерайс штатындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Осындай қиын сәтте Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза тапқандардың туған-туысқандары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына көңіл айтамын.

Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін", – делінген жеделхатта.

25 қаңтар күні таңертең Брумадинью муниципалитеті аумағында (Минас-Жерайс штаты) бөгет бұзылды. 305 адам із-түзсіз жоғалып кетті, билік 58 адамның қайтыс болғанын растады.