АСТАНА, 28 қаңтар — Sputnik. Үндістанда дарынды балаларға арналған мектептің оқушыларын тасымалдайтын автобус жолдан шығып, аударылып кетті. Кемінде 20 бала жарақат алды, үшеуі ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады NDTV.
Қарағанды облысында көктайғақтан 43 адам мінген автобус аударылып қалды
Апат Андхра-Прадеш штатының Гунтур округінде болды. Барлық зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, телеарнаның мәліметінше, полиция мас күйінде рөлге отырған жүргізушіден жауап алып жатыр.
NDTV кадрынан сары автобус аударылып жатқанын және оның айналасында көптеген адам жиналып қалғанын көруге болады.