Өңірлер

Қостанайлықтың телефонын жиі қоңырау шалғаны үшін бұғаттап тастады

Игорь Сунцов клиенттеріне бір сағаттың ішінде 7-8 рет қоңырау шалып үлгерген
Sputnik

АСТАНА, 26 қаңтар — Sputnik. Ұялы байланыс операторы Қостанай тұрғыны Игорь Сунцовтың телефонының sim-картасын көп қоңырау шалғаны үшін бұғаттап тастады, деп жазды "Наша Газета".   

Бас прокурор: енді азаматтар телефоны жасырын тыңдалғанын біледі

24 қаңтар күні сағат 13.00-ден бастап ер адам өз киленттеріне қоңырау шала бастаған. Ал сағат 14.00-де оның ұялы телефоны сөндірілген. Келесі күні ол компанияның кеңсесіне хабарласып: "Сіз көп қоңырау шаласыз" деген жауап естиді.    

Сунцовтың айтуынша, ол бір сағаттың ішінде 7-8 рет қоңырау шалып үлгерген. 

"Менеджер телефоныңызды 2-3 тәуліктің ішінде қосамыз, сізге қосылғаны туралы СМС келеді деді. Мен қайта шағымданып едім: "Егер тағы жиі қоңырау шалатын болсаңыз, сіздің сим-картаңызды жоямыз" деп ашығын айтты", — дейді қостанайлық.

Колл-орталықтағы мамандар операторға жиі қоңырау шалатын абоненттерді бұғаттайтын жүйе орнатылғанын мәлімдеді. Алайда "жүйе жұмыс істеуі үшін абонент қанша рет қоңырау шалуы керек?" деген журналистердің сұрағына нақты жауап бермеді. Есесіне жиі қоңырау шалған кезде бұғатталып қалмау үшін  корпоративтік тарифті таңдап, оны заңды тұлғаға тіркеуге кеңес берді.