Қоғам

Астанада оқушыларға сабақ болмайды

Елордада ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды
Sputnik

АСТАНА, 25 қаңтар — Sputnik. Астанада демалыс күндері бір күн бұрын басталды.

"Жиырма бесінші қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің I ауысымындағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды", — деп жазылған Астана қаласы білім басқармасының хабарламасында.

Дәл қазір елордада 30 градус аяз болып тұр. Синоптиктер жұмада күн ашық, аяз болады деп болжады.