Қоғам

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазгидромет басшылығын ұстады

"Қазгидромет" РМК лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді
Sputnik

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Мемлекеттік метеоқызмет  — "Қазгидромет" РМК бірқатар лауазымды қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті. 

Қызметкерлер 17 қаңтарда ҚР ҚК 366-бабы 4-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдікпен ұсталған. Яғни, лауазымды тұлғалар аса ірі көлемде пара алған. 

"Қазіргі кезде жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды" – деп жазылған комитеттің хабарламасында.

1 / 2
Қазгидромет басшылығы ұсталды
2 / 2
Қазгидромет басшылығы ұсталды