Фото

"Биылдан қалмаңыз" 2019 жылы Еуропаның қай қаласына саяхаттаған жөн – фото

Sputnik

The Independent басылымы 2019 жылы туристер арасында танымал болатын қалалар тізімін жариялады.

Бұл рейтингте бірінші орынды Минск қаласы иеленді. Биыл Беларусь астанасында 21 және 30 маусым аралығында Еуропа ойындары өтеді. Саяхатшыларға міндетті түрде қаланың ескі орталығын аралауға кеңес берілді: онда көптеген дәмхана, барлар мен шағын мейрамханалар орналасқан.

Екінші кезекте – Нидерланды еліндегі Роттердам қаласы. Пит Бломның қайталанбас "текше үйлерін" көрген де арманда, көрмеген де арманда. Ал ғимараттарға салынған алуан түрлі суреттерден көз ала алмайсың.                                                                                                                               

Үшінші орында – Ситжес испан қаласы: табиғаты сұлу жағажайы бар, көрікті жерлерге бай. Төртінші орында – Францияның Арль қаласы. Бұл қалада данышпан суретші Винсент Ван Гог тұрған.

Бесінші орында – Босния және Герцеговинадағы Сараево қаласы, ұлттық тағамдары мен айрықша мәдениеті туристерді еріксіз баурап алады.

Еуропалық қалалардың үздік ондығына Рим (Италия), Париж, Белград (Сербия), Венеция (Италия) және британдық Бристоль енді.

1 / 10
Минск тізімде бірінші болып тұр. Осы бір тамаша қаланы жаңа жылда осылай безендіріпті, жазда 21-30 маусымда Еуропа ойындары өтпек.
2 / 10
Екінші орында – Роттердам. Суретте: Роттердам мен Хелмондтегі текше үйлер кешені.
3 / 10
Үшінші орында Испанияның Ситжес қаласы.
4 / 10
Төртінші орында – Францияның Арль қаласы. Мұнда атақты суретші Винсент Ван Гог 200-ден астам картинасын салған. Суретте — бейнелеу өнері шеберінің құрметіне аталған дәмхана.
5 / 10
Босниядағы Сараево қаласы рейтингіде бесінші орынға табан тіреді. Мұнда шіркеулер, синагога және мешіттер өте көп. Ас мәзірі де айрықша.
6 / 10
Алтыншы орында – Италия астанасы Рим.
7 / 10
Диснейлендтің арқасында Париж жетінші орынға шықты.
8 / 10
Сербиялық Белград сегізінші орында. Суретте: қыз бен жігіт Белградтың ескі бөлігіндегі Калемегдан қамалында.
9 / 10
Су үстіндегі қала Венеция да рейтингтен орын тепті.
10 / 10
Үздік ондықтағы соңғы қала - Ұлыбританиядағы Бристоль. Суретте: Халықаралық әуе шароары фестивалі.