Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 қаңтар

Бұл Григориан күнтізбесінде 22-ші күн. Жыл соңына дейін 343 күн бар.
Sputnik

22 қаңтарда не болғанын білесіз бе? 

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.

22 қаңтарда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін баршамыз фильм көргенде жеп отырғанды жақсы көретін попкорнның туған күні. 338 жыл бұрын Еуропа үшін жүгері дәнінің жоғары температурада жарылатыны жаңалық болды. Ал 1885 жылы Чикагоның өнертапқыштары попкорн әзірлеуге арналған алғашқы машина ойлап тапты. Ал жүз жылдан соң, қысқатолқынды пешке арналған жүгері пайда болды. Бұл дақылдың отаны – Оңтүстік Америка континенті. Қазба жұмыстары кезінде шамамен 4 000 жыл бұрынғы "попкорн" дәндері табылған. Соған қарап археологтар ежелгі үндіс тайпалары жүгерінің жарылатын қасиетінен сол кезде-ақ хабардар болған және күнделікті тұтынып жүрген деген пайымға келді. 

Алайда попкорн әзірлеуге жүгерінің кез келген сұрыбы жарай бермейді, тек "жарылатын" түрі ғана. Ал дақылдың қалған түрінен попкорн жасау тіпті мүмкін емес. 

Қаңтардың 21-ші жұлдызында Польшада "Әжелер күні" аталып өткен соң, 22 қаңтарда немере-жиендер аталарын төл мерекесімен құттықтайды. Бұл күні жастар үлкендерге қонаққа барып, сыйлық жасайды. Аталар күні – әулеттің басын қосатын көңілді отырыстардың бірі. 

22 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар 

888 жылы Гвидо Сполетский Италия королі болып жарияланды; 

1863 жылы Польшада Қаңтар көтерілісі басталды;

1905 жылы Санкт-Петерборда "Қанды жексенбі" болды;

2005 жылы Солтүстік Кореяның сыртқы істер министрлігі Ким Ке Гван КХДР ядролық держава екенін мәлім етті. 

22 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар 

1993 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Ғылым академиясының атауы Ұлттық ғылым академиясы болып өзгертіліп, республикалық жоғары ғылыми мекеме мәртебесі берілді;

2013 жылы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық дәлізін салу аясында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде біздің дәуірге дейінгі II мыңжылдыққа жататын көмбелер табылды;

2014 жылы Алматыда халық жазушысы, ақын Қадыр Мырзалиевке мемориалдық тақта орнатылды.

22 қаңтарда әлемде туған танымал тұлғалар 

1788 жылы ағылшын ақыны Джордж Байрон дүниеге келді; 

1954 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, тележүргізуші, продюсер Леонид Ярмольник өмірге келді. РФ кино өнері саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2000). "Ника" сыйлығының екі мәрте лауреаты (2000, 2015);

1957 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, ақын, композитор, сценарийші, сыған әндері мен романстарын орындаушы Дмитрий Бузылев туды. РФ еңбек сіңірген әртісі (1997);

1973 жылы бразилиялық футбол қақпашысы, әлем чемпионы Рожерио Сени дүниеге келді. ФИФА оны ресми түрде тарихта бәрінен көп гол соққан қақпашы деп таныды. 

22 қаңтарда Қазақстанда кімдер туды

1932 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті ақын Кәкімбек Салықов дүниеге келді;

1955 жылы монументші-кескіндемеші, спортшы, Қазақстандағы таэквандо федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиев өмірге келді; 

1971 жылы Мемлекеттік кірістер комитетінің бұрынғы төрағасы Ардақ Теңгебаев туды; 

1974 жылы бұрынғы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі, "Хабар" АҚ басқарма төрағасы Алан Әжібаев дүниеге келді;

1976 жылы бизнесмен Еркін Тәтішев өмірге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Арыстан белгісінде орналасады. Барлық шешіміңізді таразылаңыз. Бүгін дәл сол "жеті рет өлшеп, бір рет кесетін" күн. Бизнеспен айналысуға қолайсыз күн, жаңа жерлерге қыдырып, серуендеуге кеңес береміз.