АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Қырғызстанның Шу облысында 32 жастағы Э. С. екі жасар баланы соққыға жықты деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлады өңірдің ішкі істер бас басқармасы.
Бала Бішкек ауруханасына жеткізіліп, ол өткен жылдың 6 желтоқсанында есін жимастан қайтыс болған.
Баланы әйелдің қамқорлығына Ресейге жұмыс істеуге кеткен құрбысы тастап кеткен. Күдікті тергеуге екіқабатты кереуеттен құлап кетіп, соның салдарынан денесінде қанды ісік пайда болғанын мәлімдеді. Баланың анасы Ресейден қайтып келіп, ұлына ауруханада күтім жасады. Ол құрбысына арыз жазудан бас тартты, бірақ құқық қорғау органдары Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабы ("Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған қасақана ауыр дене жарақатын салу") бойынша қылмыстық іс қозғады.
Теміртауда тәрбиеші баланы көрпемен тұншықтырып жатқаны видеоға түсіп қалды
Құқық қорғау органдары 18 қаңтарда сот-медициналық сараптама қорытындысын алды, онда баланың қайтыс болуына дене жарақаты себеп болғаны айтылған. Күдікті қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр.