АСТАНА, 19 қаңтар — Sputnik. Австралияның Квисленд штатында тұратын Белинда Нортон өз жасынан екі есе жас көрінеді. Ол қартаюмаудың құпиясымен бөлісті.
Әйелдің айтуынша, оптимистік мінезі, массаж және құрбыларымен жиі бас қосуының арқасында бетіне әжім түспей, күннен-күнге құлпырып бара жатқан көрінеді, деп жазады The Mirror.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Belinda Norton (@belinda.n.x) 15 Янв 2019 в 2:08 PST
"Қыз-келіншектер әрдайым бас қосып, шүйіркелесіп, осылайша артық күйзелістен арылып отыруы тиіс", — деп санайды Нортон.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Belinda Norton (@belinda.n.x) 9 Янв 2019 в 8:11 PST
Ал өз жасынан анағұрлым жас көрінгісі келетіндерге келіншек тамақ рационына ерекше мән беруге кеңес берді – аптасына алты рет дұрыс тамақтану және зиянды сусындардан бас тарту.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Belinda Norton (@belinda.n.x) 17 Дек 2018 в 10:06 PST
Оның үстіне, "ешқашан қартаймайтын" австралиялық ханым спортмен де жиі шұғылданады екен. Бірақ дене шынықтыруда жүгіруді мүлдем құптамайды. Ол адам ағзасын күйзеліске ұшыратады, дейді әйел. Сол себепті Нортан жаяу жүру және жеңіл гантельдермен жаттығуды жөн көреді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Belinda Norton (@belinda.n.x) 24 Окт 2018 в 2:32 PDT
Әйелдің сөзіне сүйенсек, дұрыс ұйықтау да адам ағзасының қартаюына жол бермейді. Ұйықтар алдында Нортон әлеуметтік желіге жоламайды, оның орнына кітап оқиды немесе ванна қабылдайды.