АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. "Қазгидромет" синоптиктері 19-21 қаңтарға ауа райы болжамын хабарлады.
Хабарламаға сүйенсек, Орталық Азия аумағынан Қазақстанға оңтүстік циклон келіп, ауа райы жылынады. Осы циклонға байланысты алдағы демалыста республиканың солтүстік бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады, батыстан қатты жел соғады.
Ал оңтүстік және батыс облыстарда жауын-шашын түсіп, жаңбырдың соңы қарға ұласады, таулы өңірлерде қар қалың түсіп, тұман және көктайғақ болады.
Дүйсенбіде ел аумағы арқылы суық фронттардың өтуіне байланысты күн суытады, соған қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
19 қаңтардаАстанада түнде 14 градус аяз, ал күндіз ауа температурасы —10 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде 3 градус аяз, күндіз 7 градус жылы. Шырайлы Шымкент қаласында түнде де, күндіз де ауа температурасы +13 градус болады.
20 қаңтарда елордамызда түнде 5 градус нөлден төмен, күндіз 6 градус аяз болып, қар жауады. Алматы қаласында түнде 3 градус аяз, күндіз сынап бағанасы +6 градусты көрсетеді. Шымкентте түнде 1 градус жылы болса, күндіз 4 градус нөлден жоғары.
21 қаңтарда Астанада түнде 8 градус аяз, ал күндіз – 6 градус аяз. Оңтүстік астанада түнде де, күндіз де сынап бағанасы 0 градусты көрсетеді. Шымкентте түнде екі градус жылы болып, жаңбыр жауса, күндіз де +2 градус болып, бірақ аздап қар жауады.