Оқиға

Сарапшы Алматыдағы тікұшақ апатының үш нұсқасын атады

Жеке әуе компаниясының тікұшағы кеше Алматыдағы шипажай аумағына құлады
Sputnik

АСТАНА, 18 қаңтар  — Sputnik. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру басқармасының жетекшісі Нұрлан Жұмасұлтанов оқиғаның үш нұсқасы жайлы әңгімелеп берді.

Алматыда тікұшақ құлады – жантүршігерлік суреттер

"Қазіргі уақытта оқиғаны тексеретін комиссия құрылды. Біз үш нұсқаны қарастырып жатырмыз: тікұшақтың техникалық ақаулығы, адам факторы және нашар ауа-райы жағдайы. 17 қаңтарда тұман түсті", — деп мәлімдеді спикер.

Жұмасұлтановтың айтуынша, тікұшақ Боралдай әуежайынан Үлкен Алматы көліне қарай ұшқан. Тікұшақ жолаушыларды алып кетуге бара жатқан.

"Ұшқыш сағат 16.05-де байланысқа шыққан. Не дегенін әзірге айта алмаймын.  Апат 16.08-де болды", — деді Жұмасұлтанов.

Тікұшақтың багы тола болған, құлаған кезде ешқандай өрт шықпаған. Қара жәшік бүтін қалды, деп толықтырды сарапшы.

1 / 4
"Алатау" санаторийі аумағына тікұшақ құлады
2 / 4
"Алатау" санаторийі аумағына тікұшақ құлады
3 / 4
"Алатау" санаторийі аумағына тікұшақ құлады
4 / 4
"Алатау" санаторийі аумағына тікұшақ құлады

Естеріңізге сала кетейік, Sky Service жеке әуе компаниясының Eurocopter тікұшағы кеше Алматыдағы "Алатау" шипажайы аумағына құлады. Әуе кемесінің ұшқышы қаза тапты.