Өңірлер

Түркістан облысында кішкентай қызға азғындық жасамақ болған адам ұсталды - видео

Жергілікті тұрғын сабақтан шыққан оқушы қызды көлігіне салып әкетпек болған
Sputnik

ШЫМКЕНТ, 17 қаңтар — Sputnik. Түркістан облысының Сайрам ауданында сабақтан шыққан мектеп оқушысын жеке көлігімен әкетпек болған тұрғын ұсталды, деп хабарлады тілшісі.

Талдықорған тұрғыны 11 жасар қызды WhatsApp арқылы азғындық жолға түсірмек болған

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 15 қаңтар күні Сайрам аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын қызына азғындық әрекет жасалғанын айтып арызданған. Полиция оқушының ата-анасымен бірге күдіктіні анықтап, ұстаған. 

"Арызға сәйкес Қылмыстық Кодекстің 124-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда отыр. Тергеу амалдары басталып,бірнеше сараптама тағайындалды", — делінген хабарламада.

16 қаңтар күні WhatsApp желісінде бұл оқиға туралы видео тарады, роликтегі жазбаға қарағанда, 11-сынып оқушысы мектепке дейінгі дайындық тобында оқитын қызды ұрлап бара жатқанын көріп, полицияға хабарлаған. Видеода әйел полицейдің жанында тұрған адамға "қызға не деп тиіскенсің"деп айқайлайды. Күдіктінің оқушыны қай көлікпен әкетпек болғанын көрсеткен.