АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Шырын Нарчаеваны әлеуметтік желіде білмейтін адам жоқ – сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған фото және видеосы бүкіл халықтың наразылығын тудырған болатын.
Желіде жылдам тарап кеткен видеодағы қыздың қылығын жұрт қазақ мәдениетін аяққа таптады деп айыптады. Сонымен бірге Шырынның атышулы суреттерін қайталап пародия жасағандар да көбейді.
Халық "ұятсыз" деп сынға алған бойжеткен бұл әрекеті үшін өз мұрынымен жауап берді – бұдан бұрын ойын-сауық орнының әжетханасында қыздың соққыға жығылғаны туралы видео шыққан болатын.
Шырын Нарчаева соққыға жығылды - видео
Шырын Нарчаева бастаған хайпты тараздық апалы-сіңлі Әбіловалар қағып алды. 18 жастағы Аружан мен 16 жастағы Мерей Instagram желісіндегі "жауап" видесының арқасында әп-сәтте жұлдыз болып шыға келген. Кадрларда қыздар қазақтың ұлттық киімінің әсемдігін паш етеді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Á ß Ĩ Ĺ M Ĕ Ŕ Ĕ Ŷ 🐊 (@abilovva_m) 15 Янв 2019 в 7:26 PST
Желі қолданушылары қыздарға қазақтың нағыз сұлу арулары деп жылы лебіздерін білдіруде.