Видео

Денис Тенді өлтіргендер үкімді естігенде қандай күйде болды - видео

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша сотталғандардың бірі Арман Құдайбергенов үкім шыққан соң көзіне жас алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан
Sputnik

Арман Құдайбергенов пен Нуралы Қиясова 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Жанар Толыбаева 4 жылға сотталды.

Астанада фельдшерді пышақпен жарақаттады — күдікті ұсталды

Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлағандай, үкім шығып, оқылғаннан кейін сот отырысына жиналғандар біртіндеп тарқай бастады, қарауылшылар жақындай бергенде Құдайбергенов көзіне жас алған. О баста Денис Тенге пышақ салған жоқпын деп айтып келгендіктен, мұндай қатал үкімді күтпеген сыңайлы.

Нұралы Қиясов үкімді сабырлы күйде қабылдады.

Жүктіліктің жетінші айындағы Жанар Толыбаева судья үкімді оқыған кезде жылап жіберді.

Үш сотталушы да сот процесі басталғалы бері өздерін фото немесе видеоға түсіруге рұқсат бермеген.

"Күйе жағылғанын қаламаймын" Денис Теннің өліміне күдіктілер соңғы сөзін сөйледі

Денис Теннің ата-анасы да фото және видео түсірілімдерге қарсы болып, өтініш білдірді.

Денис Тенге пышақ салған кім?

Сот тыңдауы кезінде мәнерлеп сырғанаушы қазасының мән-жайы анықталды. Денис ұрыларды байқап қалғанда, Арман Құдайбергенов айналарды шешіп алып, қаша жөнелген. Спортшы оны қуып жетіп, екеуі арпалыса жөнеледі. Құдайбергенов Дениске күші жетпегенін сотта айтып мойындады. Сол кезде Нұралы Қиясов жандарына жүгіріп барып, мәнерлеп Теннің санына пышақ сұғып алған.

Қиясов Денис Тенді өлтіруді жоспарламағанын, тек қорқытқысы келгенін мәлімдеді. Мәнерлеп сырғанаушының ажалына себеп болған пышақ жарақатын салған Қиясов еді.

Жанар Толыбаева қылмыс орнында болып, ұрлықты көзімен көрген. Ол қылмыс жайында хабарламағаны үшін сотталды.

Денис Теннің өлімі

Олимпиада-2014 қола жүлдегері Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматы орталығында көз жұмды. Ол 25 жаста болатын.

Ата-анасы Денис Теннің жобаларын жалғастыратын қоғамдық қор құрды.