Қоғам

"Форма киген адамдар қарсы алады" Депутат Қасымовқа жүгінді

Мәжіліс депутаты стадионда жүретін полицейлер мен стюардтар жанкүйерлерге ойынды көруге кедергі жасайтынын айтты
Sputnik

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов "Астана Арена" стадионында жанкүйерлерді өткізу жүйесін тәртіпке келтіруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Футбол федерациясы қазақстандықтарды ел құрамасына жанкүйер болуға шақырады

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына депутаттық сауал жолдады. 

Магеррам Магеррамов биыл Еуропа чемпионаты-2020 іріктеу турнирінің матчтарына әлемдік футболдың жұлдыздары ойнайтын командалар келетінін атап өтті. Осыған байланысты "Астана Арена" стадионында ине шаншар жер болмайтыны айдан анық, дейді депутат. Осы орайда мәжілісмен стадионда болатын бірқатар келеңсіз жайтқа тоқталды.

"Жұрт матч тамашалауға кішкентай балаларын ертіп, отбасымен келіп жатады. Фанаттардың арасында қыздар да бар. Бірақ олар қаптаған жұрттың арасында сығылысып, стадионға әрең кіреді. Оның үстіне металл іздегіштен өткенде, жанкүйерлерді тек тексерушілер ғана емес, форма киген адамдар да қарсы алады", — дейді Магеррамов. 

Депутат Берлиндегі стадиондарды мысалға келтірді. Айтуынша, Еуропа елінде тірек пункті жұмыс істейді, полицейлер ол пунктен жанкүйерлер бұзақылық жасаған жағдайда ғана шығады екен. 

"Бәрінен бұрын ең "қызығы" стадионда болады. Жанкүйерлерге төмендегі және жоғары қабаттағы бірінші қатарларға отыруға рұқсат бермейді. Сонда ол орындар не үшін қажет деген сұрақ туындайды?", — деп сұрады мәжілісмен. 

Оның айтуынша, стюардтар мен Ұлттық ұлан сарбаздары төменгі және жоғарғы қабаттардағы бірінші қатарларға орналасып алып, жанкүйерлерге кедергі келтіреді.

Шведтер де тойлай біледі - құрамасының жеңісіне қуанған жанкүйерлер видеосы

"Адамдар футбол көруге келеді, бірақ оларға форма киген адамдарға қарап отыруға тура келеді. Бұл жанкүйерлердің жүйкесіне тиіп, наразылығын тудырады", — деп атап өтті депутат. 

Осы орайда Магеррамов өз жанкүйерлеріне толық жағдай жасап отырған жетекші еуропалық елдердің тәжірибесін зерттеуді ұсынды.