Өңірлер

Шымкентте қараусыз жатқан үйде оқушы қызды зорлаған Алматы тұрғыны болып шықты

Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Шымкентте мектепте өткен жаттығудан кейін үйіне келе жатқан 9 жасар қызды зорлап кеткен күдікті ұсталды. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды 

Қазақстанда жұмыс істеп жүрген ерлі-зайыптының 5 жасар қызын зорлап кетті
Ішкі істер министрлігі мен Шымкент қаласының полиция департаменті қызметкерлерінің бірлескен жедел іздестіру шаралары кезінде кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлап кетті деген күдікке ілінген ер адам ұсталған. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. 

"Ұсталған ер адамның қылмысқа қатысы куәгерлер мен жәбір көрген қыздың жауабымен расталып отыр. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа ақпаратты ҚР қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға болмайды", — деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетсек, 5 қаңтарда жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызын зорлап кетті деп полицияға арызданған. 

Белгілі болғандай, Шымкентке қарасты ауылдардың бірінде мектепте өткен жаттығудан кейін үйіне келе жатқан 9 жасар қызды белгісіз біреу зорлап кеткен. Жаға ұстатарлық оқиға күндіз мектеп маңындағы қараусыз жатқан үйде болған.

Тағы оқыңыз:

Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Бұған дейін Шымкентте ерлі-зайыпты балабақшалардың бірінде мәлімдеген еді.