Экономика

Қазақстанда желтоқсанда орташа айлық жалақы 174 мың теңге болды

Азық-түлік тауарлары 5,1%, азық-түлік емес тауарлар 6,4% қымбаттады
Sputnik

АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда өткен жылдың желтоқсан айында орташа айлық жалақы 174 642 теңге болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап 700 мыңнан астам адамның жалақысы өсті

2018 жылдың қарашасында халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бағалау бойынша 95 152 теңгені құраған, бұл 2017 жылдың қарашасымен салыстырғанда 6,3% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9% артқан.

"2018 жылдың желтоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 174642 теңгені құрады", — деп жазылған хабарламада.

Жұмыссыздық  жұмыс күші санына шаққанда 4,9% деңгейінде болды. 2018 жылдың желтоқсан айының соңында 91,6 мың адам жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрды.

Азық-түлік тауарлары 5,1%, азық-түлік емес тауарлар 6,4%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтер 4,5% қымбаттады.