Дерекқор

2019 жыл – Жастар жылы

Жастар – Қазақстанның он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары
Sputnik

Былтыр 5 қазанда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. 

"Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек", — деген еді Елбасы.

Тағы оқыңыз:

Ал 14 қарашада президент Жастар жылын жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша Қазақстан үкіметіне жастар жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. 

Жастар дінге кіру арқылы мінсіз әкелерін іздейді — Төлеуова
Жастар саясаты

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан ел тірегі – жастар екенін әсте естен шығармаған абзал. Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі жолында жастардың атқаратын рөлі зор.

"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңда жастар саясатының мақсаты – жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау екені көрсетілген. 

Мемлекеттік жастар саясаты рухани-мәдени құндылықтарға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, ұрпақтар сабақтастығына, отбасылық тәрбиенің басымдығына негізделген. 

Тағы оқыңыз:

Жастарды қолдау 

Қазақстанда мемлекет тарапынан жастарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

Назарбаев жастар жылы туралы жарлыққа қол қойды
Мәселен, білім саласында жас мамандарды ауылға тартуды көздейтін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы, шетелде білім алуға мүмкіндік беретін "Болашақ" халықаралық стипендиясы, "Серпін" бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. 

2014 жылы іске қосылған "Серпін" бағдарламасының мақсаты – еліміздің оңтүстігіндегі жастарды кадр тапшылығын көріп отырған солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл, бір жағынан, жастар арасындағы жұмыссыздықтың азаюына да септігін тигізеді. 

Сондай-ақ "Жұмыспен қамту-2020", "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламалары бар. Ал "StartapBolashak" бизнес-жобалар байқауы ғылым мен технология, инновацияға жақын жас қазақстандықтардың танылуына мүмкіндік береді. 

Ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет, спортта ерекше көзге түскен талантты жастарға "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы табысталады. Байқау эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы, әдебиет, театр және кино, журналистика және қоғамдық қызмет, спорт, дизайн және бейнелеу өнері, ғылым салаларындағы үздіктерді анықтайды. 

Әр өңірде жыл сайын жастар форумы ұйымдастырылып тұрады. 

Тағы оқыңыз: 

Президенттің тапсырмасымен қабылданған "7-20-25" бағдарламасы әр жасқа ыңғайлы шарттармен баспана алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жоғары білімнің қолжетімділігін арттырып,  студенттердің жағдайын жақсарту үшін 75 мың орындық жатақхана салынып жатыр. 

"Жастар кадрлық резерві" жобасы, "Жастар практикасы" бағдарламасы да қазақстандық жастарды қолдауға бағытталған. 

Димаш Құдайбергенов туралы не білеміз?
Жастар ұйымдары 

Соңғы жылдары елімізде жастар ұйымдарының саны әжептәуір артуда. Олардың қаншасы өз міндетін толығымен атқарып, жастар проблемасын шешіп жүргені – ол басқа әңгіме. Жастар ұйымдарының дені қоғамдық бірлестік ретінде тіркелген, сондықтан түйткілдің түйінін тарқату көбісінің қолынан келмейтіні түсінікті. 

Жастар ұйымдары дегенде, ең алдымен, "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты ойға оралады. Содан кейін 2013 жылы құрылған "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы да ерекше мәртебеге ие. Орталық жыл сайын жастар арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізіп, "Қазақстан жастары" ұлттық баяндамасын, жастар саясаты институттарына арналған әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлейді. 

Бүкіл ел бойынша мыңдаған студенттің басын біріктіретін "Қазақстан студенттері альянсы" республикалық студенттер қозғалысын да атап өтуге болады. 

Тағы оқыңыз: 

Сондай-ақ, Қазақстанның әр өңірінде жастар мәслихаты жұмыс істейді.

Елімізді көгалдандыру мен оның экологиялық тұрғыдан таза болуын қамтамасыз етіп жүрген "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының да орны бөлек. "Жасыл ел" жастарды жұмыспен қамтуға, студенттердің патриоттық рухын көтеруге де үлкен үлес қосып келеді.