"Медеу" биік таулы мұз айдыны – тарихы тереңде жатқан айрықша мекендердің бірі.
Бұл Алматы қонақтары жиі баратын көрікті жер ғана емес, адамды баурап, өзіне тартатын ерекше қасиеті бар орын.
Көркіне көз тоймайтын Алматы таулары — 12 айшықты фото
Күн сайын жүздеген адам келіп таза ауада коньки тебеді, Алматының сұлу табиғатын тамашалайды.
Sputnik Қазақстан назарларыңызға "Медеу" мұз айдынының тарихын ұсынады.
1 / 15
Биік таулы спорт кешені теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Суретте: "Медеу" мұз айдынындағы жарыс, 1970 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич
/ 2 / 15
Мұзда шапшаң сырғанаудың құпиясы – таза ауа, биік тау және тұнық су. Суретте: КСРО-ның конькимен жүгіру спорты құрамасының мүшелері Людмила Титова (сол жақта) мен Людмила Фегина, 1970 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич
/ 3 / 15
Мұз айдын ашылған күні (1951 жылдың 5 ақпаны) екі әлемдік және алты бүкілодақтық рекорд орнатылды. Суретте: коньки бойынша КСРО-ның әйелдер арасындағы біріншілігі, 1960 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич
/ 4 / 15
Конькимен жүгірушілердің жоғары жетістігі арқасында мұз айдын "Рекордтар шеберханасы" деп аталып кеткен. Фотода: КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Владимир Мұратов, 1973 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич
/ 5 / 15
Биік тауда жүгіру жолақтары бар әрі халық жаппай коньки тебуге келетін жасанды мұзды ашық стадион салу – сол заман үшін тым биік мақсат еді. Суретте: Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы Леонид Ильич Брежнев пен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионы Ирина Роднина "Медеу" мұз айдынында, 1973 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич
/ 6 / 15
Тоңазытудың күрделі жүйесі жасанды мұзды сегіз ай бойы сақтауға мүмкіндік беретін. Фотода: спорт кешенінің көрінісі, 1973 жыл.
© Sputnik / Юрий Куйдин
/ 7 / 15
Трибуналар 10,5 мың адамға есептелген. Фотода: Көрермендер Еуропаның әйелдер арасындағы конькимен жүгіру чемпионатын тамашалауда, 1974 жыл.
© Sputnik / Иосиф Будневич
/ 9 / 15
Биік таулы мұз айдынына апарар жолдағы "Турист" қонақүйі.
© Sputnik / Дмитрий Дебабов
/ 10 / 15
1972 жылы 28 желтоқсанда жаңа спорт кешенінің ресми ашылуы болады.
© Sputnik / Шидловский
/ 11 / 15
Биік таулы мұз айдынында барлығы 123 әлемдік рекорд орнатылды. Фотода: еңбек сіңірген спорт шебері, 1000 метрге конькимен жүгіруден олимпиада чемпионы атанған Наталья Петрусева мен оның бапкері Анатолий Петрусев "Медеу" мұз айдынында, 1983 жыл.
© Sputnik / Игорь Уткин
/ 12 / 15
1984 жылы бес мың метрге жүгіруден әлемдік рекорд орнатқан конькиші Виктор Шашерин (Қазақ ССР) спорттық карьерасын Алматыдағы әйгілі мұз айдынынан бастаған.
© Sputnik / Владимир Родионов
/ 13 / 15
Мұнда конькишілер ғана емес, қазақстандық хоккей командасы да бүкіл одақты дүркіретіп, топ жарды. Фотода: КСРО-ның допты хоккей чемпионы "Динамо" командасы (Алматы).
© Sputnik / В. Ваколкин
/ 14 / 15
"Медеу" биік таулы мұз айдынында 1990 жылы мұздағы мотоцикл жарысының командалық чемпионаты өтті.
© Sputnik / Юрий Куйдин
/ 15 / 15
Суретте: Ресей президенті Борис Ельциннің (ортада оң жақта) Қазақстанға ресми сапары. Инженерлер мен құрылысшылар Ельцинге "Медеу" спорт кешенінен ескерткіш ретінде кәдесый ұсынды.
© Sputnik / Г. Качкин
/