Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қаңтар

Бұл Григориан күнтізбесіндегі 14-ші күн. Жыл соңына дейін 351 күн қалды
Sputnik

14 қаңтар күні не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын дерекқорынан оқыңыз.

14 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды

Бүгін көптеген мемлекет ескі жаңа жыл мерекесін атап өтіп жатыр. Бұл атаулы күн жыл санау жүйесінің өзгеруінен, яғни Юлианның орнына Григориан күнтізбесін пайдаланудың арқасында пайда болған. Осы күнтізбелер арасында 13 күн айырмашылық бар. Сондай-ақ, жаңа жылды тағы да атап өту мүмкіндігі туып отыр.

Бүгін үндістандықтар халықаралық қағаз батпырауық фестивалін атап өтіп жатыр. Фестиваль кезінде Үндістанның көгіне түрлі-түсті батпырауық ұшырылатын болады. Ол әдетте Үндістанның батысындағы Гуджарат штатының Ахмедабад қаласында өтеді. Мұнымен қатар, аталған ел осы күні Макар Санкранти немесе Уттараян фестивальдерін өткізеді.

Сондай-ақ, бүгін ақ түсті құстар күні. Үйден шығып бара жатқан кезде өзіңізбен бірге нан ала шығыңыз. Әуеде қалықтағанды жақсы көретін мұндай жаратылыс та тамаққа зәру. Әсіресе қыстыгүні.

14 қаңтарда әлемде болған тарихи оқиғалар

1914 жылы әлемде алғаш рет көлікті конвейер тәсілімен құрастырды;

1929 жылы Мәскеу облысы құрылды;

2005 жылы "Гюйгенс" ғарыш зонды Титанға қонды;

2010 жылы ақырзаман сағаты бір минутқа артқа жылжыды.

14 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Қызылорда педагогикалық институтына ежелгі түркі халықтарының ұлы ақыны әрі сазгері Қорқыт атаның есімі берілді;

1998 жылы Минскі көшелерінің біріне қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді;

2013 жылы қазақстандық пианино шебері Хадиша Оңалбаева Steinway Artist құрметті атағын иеленді.

14 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1875 жылы неміс және француз теологы, философ, музыкашы, дәрігер және Нобель сыйлығының лауреаты Альберт Швайцер туды;

1948 жылы әйгілі кеңес хоккейшісі Валерий Харламов дүниеге келді;

1963 жылы америкалық кинорежиссер, продюсер, оператор және монтаждаушы Стивен Эндрю Содерберг туды;

1969 жылы америкалық рок музыкашы, "Foo Fighters" тобының негізін салушы Дэйв Грол өмірге келді.

14 қаңтарда Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1904 жылы қазақ сурет өнерінің негізін қалаушылардың бірі, суретші, Қазақ ССР халық суретшісі, мемлекеттік Шоқан Уәлиханов жүлдесінің иегері Әбілхан Қастеев туды;

1926 жылы термеші, халық композиторы Қазанғаптың күйшілік дәстүрін жалғастырушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, сазгер, домбырашы Бақыт Басығараев туды.

Ай күнтізбесі

Ай Тоқты белгісіне келіп тоқтайды. Бүгін кез келген маңызды істерді қолға алуға болады. Қажет болса жұмыс ауыстырып, жаңа үйге көшіңіз. Мұның тек пайдасын көресіз. Сүйіктіңізбен айырылысу мәселесіне келгенде ғана сақ болыңыз.