Оқиға

Ұлттық ұлан сержанты өз өмірін қауіпке тігіп, тұрғын үйді жарылыстан құтқарды

Әскери қызметкер Медет Балабиев үш баланың анасы мен әжені өрттен құтқарды
Sputnik

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның Ұлттық ұлан әскери қызметкері өз өмірін қауіпке тігіп, бес адамнан тұратын отбасыны өрттен құтқарды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

Ресейде тұрғын үйде жарылыс болды: құтқарушылар үйінді астынан 37 адамды іздеп жатыр

Оқиға Қостанай облысы Құсмұрын ауылында 9 қаңтарда болған.

А. Калашникованың пәтерінде газ баллон тұтанып кетеді. Ол кезде ас үйде оның үш баласы мен қарт анасы болыпты.

Әйел балаларды үйден тез шығарып, анасы көршілерді көмекке шақырады.

Ұлттық ұлан сержанты, 6697 әскери бөлімнің қызметкері Медет Балабиев көмекке ұмтылып, қауіпке қарамастан, өртке оранған ас үйдегі газ баллонды пештен ажыратып, далаға алып шығады. 

Пәтердің иесі әскери қызметкерге алғыс айтып, 6697 әскери бөлімшесінің командиріне хат жазды.