Қоғам

Дәрігер қатерлі ісіктің негізгі жеті белгісін атады

Осы белгілерді байқаған жағдайда бірден дәрігерге қаралған жөн
Sputnik

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Лондондағы онкологиялық орталықтың ғалымы Крис Стил науқаста пайда болған жағдайда тез арада онкологқа қаралуы тиіс негізгі жеті белгіні атады, деп хабарлады РИА Новости.

Екі рет қайнаған су қатерлі ісікке шалдықтырады

Қауіпті белгілерге ішек немесе қуық қызметіндегі күтпеген өзгерістер, "түсініксіз" қан ағу, кеуденің немесе басқа жерлердің қалыңдануы, жұтудың қиындауы, меңнің түсі немесе көлемі өзгеруі, қарлығып қатты жөтелу және жарақаттың ұзақ уақыт жазылмауы жатады.

Стил атап өткендей, бұл белгілер онкологиямен байланысты болмауы мүмкін, дегенмен адам бойында кезіксе дәрігерге қаралған абзал.

"Белгілердің тексерту үшін дәрігердің уақытын текке аламын деп ойламаңыз", – дейді маман.

Британ дәрігері еске сала өткендей, уақытылы емдеген жағдайда қатерлі ісіктің оннан төртеуінің алдын алуға болады.