Әлем

Әйел мен оның екі баласы ежелгі әдет-ғұрыптың құрбаны болды

Әйел балаларымен бірге лашықта тұншығып өлген
Sputnik

АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Непалдың батысындағы ауылда ежелгі әдет-ғұрып 35 жастағы әйел мен оның екі ұлының ажалына себепші болды.

Шымкентте жас ана мен омыраудағы сәбиі жазатайым оқиғаның құрбаны болды
Лашықта тұратын 35 жастағы ауыл тұрғыны Амба Бохара от жағып, 9 және 12 жасар ұлдарын жылытпақшы болады. Алайда терезе мен желдеткіштің жоқтығынан үшеуі де тұншығып өлген. Олардың денесін таңертең марқұм әйелдің енесі тауып алған, деп хабарлайды BBC News.

"Чаупади" деп аталатын ежелгі индуистік ғұрып бойынша етеккірі келген әйелдер "лас" саналады. Сондықтан осы кезеңде оларға ер адамдар мен ірі қараны ұстауға, кейбір азық-түлікті жеуге, отбасымен бірге бір шаңырақ астында тұруға тыйым салынған. Ал қыздар мектептегі сабақтарынан босатылған. Осылайша етеккірі келген әйелдерді балаларымен бірге уақытша шалғайдағы ауылға көшіріп, лашыққа орналастырады екен. 

Әйелдерді лашықтарға көшіруге 2005 жылы тыйым салынып, 2017 жылы қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Заңды бұзғандарға 27 доллар мөлшерінде айыппұл салынып, үш айға қамауға алынады. Алайда, полицейлердің айтуынша, ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салтпен күресу оңай емес. Сондықтан кейбір шалғай ауылдарда бұл әдет-ғұрып әлі де сақталған. 

Непалда қаңтар айында ауа температурасы түнде +2 градусқа дейін төмендейді.