АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Жаркентте көпбейінді колледждің дене шынықтыру пәні мұғалімі студентті ұрып-соқты.
Шәкірттердің бірі оқиғаны ұялы телефонына түсіріп алып, әлеуметтік желілерде таратып жіберген. Видеода спорт киіміндегі ер адам жас жігітті бұрышқа тықсырып, аяусыз ұрып жатқаны көрінеді, сонымен қатар студентті балағаттаған.
"19-шы орта кәсіптік техникалық училищесінің (СПТУ) мұғалімдері балалармен осылай қарым-қатынас жасайды. Бұл бүгін бізде Жаркентте болған", — деп жазды видеоролик авторы.
Алматы облысының әкімдігі хабарлағандай, аталған факті бойынша дене тәрбиесі пәні мұғалімі сабақтан шеттетілді.
Оқушының анасы баласына ескерту жасаған ұстазды аяусыз ұрып-соққан
Қазіргі таңда оқу орнына облыстық білім басқармасының комиссиясы аттанды. Тексеріс қорытындысы бойынша колледж басшылығы мен педагогқа қатысты шара қабылданады.