АЛМАТЫ, 11 қаңтар — Sputnik. Күдікті Жанар Толыбаева ұсталған бойда Алматы аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілген. Сол кезде оған Құдайбергенов хабарласыпты.
Құқық қорғаушылар оның нөмірі арқылы қайда жүргенін анықтайды. Құдайбергеновті қамауға алған кезде, Толыбаева полиция көлігінде болған.
"Мені Алмалы аудандық ішкі істер бөлімінде тергеп, кейін қоя берді. 21 шілдеде Алматы полиция департаментіне шақырды, сол кезде маған кім кімге пышақ салғанын айт деп қысым көрсетті. Арман бәрін мойындады деді. Содан соң полицей бір бума қағады орап, бетімнен ұра бастады", — деп мәлімдеді Толыбаева жұма күні сот отырысында.
Оның айтуынша, соққыға жығылғанын дәлелдейтін құжатты ұсынған екен.
"Ұрып-соғу туралы анықтамам болған, бірақ оны іс материалына қоспады. Көгерген жерлерім жазылып кетті. Мені кім ұрғанын да білмеймін, оларды бұрын көрмеген едім", — деп Толыбаева соттан бұрын берген түсініктемелерін қайта оқып шығуды сұрады.
Полицей күдіктілердің Денис Тенді өлтіріп жатқанын көрген
Сотта Толыбаева полиция қызметкерлерінің кінәсін мойындап, процестік келісімге келуді ұсынғанын мәлімдеді.
"Екі бап бойынша кінәмді мойындасам, процестік келісім жасасамыз деді. Шартты түрде жаза мерзімін алатынымды хабарлады. Басында келісіп едім, кейін тергеуші Денис Теннің анасы қарсы деді. Маған шартты мерзім бермейтін болса, жасамаған қылмыс үшін несіне жауапкершілік аламын? Аса ауыр қылмыс үшін айыпты мойындаудан бас тартамын, себебі оған араласқан жоқпын", — дейді Толыбаева.
Ол Оксана Теннен кешірім сұрады. "Мен бәріңізден кешірім сұраймын. Бұл қайғы Оксана Алексеевнаның басына ғана түскен жоқ, бүкіл Қазақстанның қабырғасы қайысты. Басқа айтарым жоқ", — деп ойын қорытты сотталушы.
Денис Теннің өліміне қатысты сот
Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша басты сот талқылауы өтіп жатыр.
Сотталушылар – Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева. Бастапқы екі күдіктіге "Алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобының қарақшылық жасауы" және "Алдын-ала сөз байласу арқылы адамдар тобының кісі өлтіруі" деген баптар бойынша айып тағылды. Ал Толыбаева қылмыс туралы хабарламады деген күдікке ілінді.
Денис Теннің досы өзінен күдіктенгендерге жауап берді
Үш күдіктіге қатысты қылмыстық іс 13 желтоқсанда сотқа түсті. Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілдеде кісі қолынан ажал құшты. Ол көлігінің айналарын ұрлап жатқан екі жігіттің үстінен түскен болатын. Ұрылардың соңынан қуған спортшы олармен төбелесіп, салдарынан бірнеше пышақ жарақатын алады. Көп қан жоғалтқан Денис ауруханада көз жұмды.
Денис Теннің анасы ұлының қалай ажал құшқанын бастан-аяқ баяндады