Әлем

Видеоға түсіп қалған елес музей қызметкерлерінің зәресін алды

Сондай-ақ, елес камераның баптауына әсер етіп, роликтің сапасын нашарлатқан
Sputnik

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Видеодада ескі катафалктің (өлік салатын арба) тұтқасы өздігінен қозғалады. Музей қызметкерлері оны елес қимылдатты деп есептейді.

Англияда музейде елес видеоға түсіп қалды. Роликті ерекше құбылыстарды зерттеуші Стив Вессон қызметкерлер арбадағы елестерге шағымданғаннан кейін түсірді. Бұл туралы KSAT хабарлады.

Зерттеуші камералар орнатып, таңертең олардан түсініксіз құбылысты байқаған. Ескі катафалктің тұтқасы өздігінен қозғалған.

Сондай-ақ, ер адам елес камерадағы видеоның баптауына әсер етіп, роликтің сапасы нашарлап кеткенін атап өтті.