Бейнероликте сәнді киінген балалар биді жап-жақсы билеп жатқаны көрінеді. Дегенмен қыздардың бірінің бас киімі қайта-қайта түсіп кете береді. Әкесі кигізген бас киім әдемі тәжден үнемі түзетуге тура келетін күлкілі "күнқағарға" айналып шыға келген. Алайда қыз еш саспай, жаңа жылдық биін сенімді түрде әрі ынта-шынтасымен жалғастырады.
Әкелер мен балалар туралы видео жұртты күлкіге қарық қылды
Қызық видеоны қыздың әкесі Владимир Семенов жариялады.
"Балабақшадағы жаңажылдық ертеңгілік, мен қызыма кокошникті теріс кигізіп қойыппын. Не болғанын қараңыз", — деп жазды ол.
Автордың айтуынша, бұл видеоны олар отбасымен бірге көріп, шегі түйілгенше күлген.