Өңірлер

37 градус аяз: Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Синоптиктер 10-12 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты
Sputnik

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Батыс облыстарда күн жылып, қалған өңірлерде қайта суытады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Синоптиктер Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
Орталық Азия аумағынан жылжитын циклонның әсерінен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ және тұман болады, ал шығыста қар, бұрқасын және қатты екпінді жел болжанып отыр.

Ауа температурасы алдағы тәуліктерде жоғарылайды, бірақ 11 қаңтарда төмендей бастайды, әсіресе Қазақстанның шығысында күн суытады. Мұнда түнде аяз тағы да 30…37 градусқа дейін күшейеді. 

Республиканың солтүстік және орталық облыстары жоғары атмосфералық қысымның аумағында болатындықтан, кей жерлерде аздаған қар жауады, түнде 28…35 градусқа дейін аяз болады. 

Батыс облыстарда қысқа мерзімді суытудан кейін температура жоғарылап, қар және көктайғақ болады.