АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. "Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер орталығы" АҚ-на қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі магнитудасы MPV 4.0 жер сілкінісін тіркеді.
Жер асты дүмпулері бүгін Астана уақытымен 01.41-де тіркеліпті.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 111 километр жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық классы 8.7.
Сейсмикалық белсенділік ошағының тереңдігі 15 километр.