10 қаңтарда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен әйгілі екенін Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
10 қаңтарда қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін Жапонияда бейресми мереке – 110 нөмірінің күні тойланады: кез келген қоғамдық телефон күркесіне жазылған бұл нөмірді әр бала жатқа білетін шығар. Бұл полицияға шұғыл қоңырау шалу нөмірі. 9 000 000 – бұл 110 – хяку-тобан полиция қызметінің нөмірі жыл сайын қабылдайтын қоңыраулар саны. Есептеулер бойынша, шамамен 3 жарым секундта бір рет қоңырау соғылады, демек Жапонияның әр 14-ші тұрғыны полицейлердің көмегіне үміт артып, төтенше оқиғаны хабарлау үшін осы нөмірді тереді. 110 нөмірі Жапонияда 1948 жылдан бастап қызмет көрсете бастады, әуелі 8 үлкен қалада іске қосылды – Токио, Осаке, Киото, Кобе, Йокогаме, Кавасаки, Нагое және Фукуоке. Бастапқыда екі нөмір болған еді: 110 және 1110, бірақ 1954 жылдың 1 шілдесінен бастап полиция туралы жаңа заң енгізілген соң бір ғана нөмір қабылданды – 110. Неге бұл нөмірдің таңдалғанын түсіну қиын емес: оны оп-оңай есте сақтауға болады, терген кезде қателеспес үшін 3 цифрды ғана алған әрі сандар бір-біріне жақын орналасқан. Нөмір таңдалып, қабылданған соң мереке күні де белгілі болды – бірінші айдың оныншы жұлдызы.
10 қаңтарда Бенинде дәстүрлі ұлттық мереке – Вуду күні тойланады. Бұл күні елдің бүкіл ғибадатханалары есігін айқара ашып, адамдар ән салып, би билейді, барабан соғады: бүкіл той Водунға арналған. Бүкіл көше мен ауыл ерекше безендіріліп, әр Ғибадатхана өз Рухтары, Водундары мен Ата-баба аруақтарын шығарады. Әйелдер дәмді тағам әзірлеп, ер адамдар мерекеге арнап пальма шарабын дайындайды. Қыз-келіншектер ең әдемі киімдерін киіп, асыл бұйымдар тағып, аруақтардың көңілінен шығуға тырысады, ер азаматтар әртүрлі музыкалық аспаптарда тамаша әуендер орындап, Водун дәстүрлері туралы әңгімелейді.
Бүгін әлемде Адам құқығы күні тойланады. Дәл осы күні 1948 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқығы туралы Жалпыға ортақ декларация қабылдады. Декларацияның негізгі қағидалары көптеген халықаралық келісімдерде және БҰҰ-на мүше елдердің конститутцияларында қайталанады. Адам құқығы – адамзаттың өзектігін жоймайтын мәселелерінің бірі. Оны саясат, құқық, этика, дін және философия тұрғысынан мыңдаған жылдар бойы қарастырып келеді. Адам құқығы мәселесі заманына қарай әртүрлі жолдармен шешілді.
10 қаңтарда әлемде қандай тарихи оқиғалар болды
1863 жылы Лондонда метрополитеннің алғашқы желісі ашылды;
1920 жылы халықаралық мемлекеттер ұйымы – Ұлттар Лигасы құрылды;
1942 жылы "Ford Motor Company" компаниясы "Jeep" көлігін шығара бастады;
1954 жылы әлемдегі алғашқы реактивті жолаушылар ұшағы Эльба аралы жанында апатқа ұшырады. 35 адам қаза тапқан.
10 қаңтарда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1999 жылы Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасының президенттігіне балама сайлау өтіп, халықтың 79,78 % дауысына ие болған Нұрсұлтан Назарбаев қайта сайланды;
2003 жылы Өскемен қаласында "АВТОВАЗ" ААҚ-ның көмегімен "Азия Авто" зауыты ашылды. Кәсіпорын "Нива" көлігін шығарады;
2011 жылы әйгілі қазақ режиссері Шәкен Аймановтың фильмдері жазылған DVD-дисктер топтамасы жарық көрді.
10 қаңтарда әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар
1882 жылы орыс жазушысы, Толстойлар әулетінен шыққан қоғам қайраткері Алексей Толстой дүниеге келді. Бірінші дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаты атағын үш мәрте иеленген (1941, 1943; 1946 – қайтыс болғаннан кейін);
1936 жылы кеңестік әскери ғалым-инженер және тарихшы, ресейлік және грузиялық қоғам және саяси қайраткер Евгений Джугашвили дүниеге келді. Әскери ғылымдар кандидаты, тарихи ғылымдар кандидаты. Отставкадағы полковник. И.В. Сталиннің немересі;
1945 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері, эстрада әншісі Валерий Чемоданов дүниеге келді.
10 қаңтарда Қазақстанда кімдер дүниеге келді
1915 жылы танымал жазушы Ілияс Есенберлин дүниеге келді;
1948 жылы суретші, мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Амангелді Тұрсынов дүниеге келді;
1949 жылы С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының директоры Досжан Жанботаев дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Балықтар белгісінде орналасады. Алдыңғы күндердің ақыл-кеңесіне жүгінген абзал. Қарыздарды қайтаратын күн: қарызыңыз болып, бүгін қайтарсаңыз, ендігәрі борышкер болмайсыз. Мұқият ойластырған шаруаны ғана қолға алыңыз. Денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасай бастаған дұрыс.