АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі іздеу жарияланған 21 жастағы жігіттің желіде тараған мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазіргі уақытта Қарағандыда бұзақылық әрекеттері үшін және 23 жастағы жігіттің өліміне күдікті ретінде 8 адам ұсталып, қамалды. Күдіктілердің бірі Гурурянға іздеу жарияланды", - деп мәлімдеді ІІМ.
Желіде Гурурянның үндеуі тарағаннан кейін полицияның арнайы тобы күдікті жасырынуы мүмкін жерлерге аттанды. Күдіктінің туған-туыстарына екі күн бұрын полиция қызметкерлерінің байланыс телефондары берілді, алайда әзірге олармен ешкім байланысқа шықпады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Караганда - shock_krg (@shock_krg_) 7 Янв 2019 в 7:50 PST
"Қазақстанның ішкі істер министрлігі істі жан-жақты, объективті тергеуге кепілдік береді және Гурурянға істі ауырлатпау үшін полицияға өз еркімен берілуі қажеттігін ескертеді", - деді баспасөз қызметінен.
Істі тергеу барысы Қазақстан ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды.