Фото

"Тал бойында бір мін жоқ": әлемнің ең бай модельдері - фото

Sputnik

2018 жылдың соңында Forbes үздік модельдердің тізімін ұсынды: бұл арулар сән көрсетілімдеріне қатысып, танымал журналдар үшін суретке түсіп, әлемдік брендтерді жарнамалап қыруар ақша табады.

Көз тоймас көркімен миллиондарды бағындырып қана қоймай, мол табысқа кенелген қыздар туралы Sputnik Қазақстан фотолентасынан біле аласыз.

1 / 10
Кендалл Дженнер қатарынан екінші рет рейтингте көш бастап тұр. 23 жастағы ару бір жылда 22,5 миллион доллар табыс тапқан.
2 / 10
Екінші орында — Карли Клосс, 2018 жылғы табысы 13 миллион доллар болды.
3 / 10
Үшінші орынды 11,5 миллион доллар тапқан Крисси Тейген алды.
4 / 10
Төртінші орынды жас ана Роузи Хантингтон-Уайтли иеленген, ол сәбиін бағып-күтуге 11,5 миллион доллар қаражат тауыпты.
5 / 10
Бесінші орында Жизель Бундхен тұр, жыл ішінде оның байлығы он миллион долларға молайды.
6 / 10
Кара Делевинь — ең табысты модельдер тізімінде алтыншы, ол былтыр он миллион доллар табыс тапқан екен.
7 / 10
Джиджи Хадидте — тоғыз жарым миллион доллар мен жетінші орын.
8 / 10
Сегізінші – Джиджидің әпкесі Белла Хадид, сегіз жарым миллион доллар тауыпты.
9 / 10
Тоғызыншы орында – рейтингке жаңадан кірген Джоан Смоллс 8,5 миллион доллар қаражат тапқан.
10 / 10
Үздік ондыққа кірген соңғы модель Даутцен Крустің былтырғы табысы сегіз миллион доллар болды.